«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІСТІҢ БИІК ТҰҒЫРЫНДА

Теміртау қаласында 1998-1999 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан ел біріншілігі өтті. Оған еліміздің әр өңірінен сегіз команда қатысты.

Жерлестеріміз Маңғыстау және Теміртау командаларынан – 3:0 есебімен, ал “Теміртау 1” командасынан 2:1 есебімен басым түсті. Ақтық кезеңде жерлестеріміз Орал қаласының намысын қорғаған “Грация-KZ” командасын – 3:0, павлодарлық “Ертісті” 3:1 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, Петропавл қаласының волейболшылары ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Ал павлодарлықтар мен теміртаулықтар сәйкесінше екінші және үшінші орынды өзара бөлісті.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp