“Отбасындағы зорлыққа жол жоқ” ұранымен өткен акция аясында жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындарға құқықтық кеңестер беріп, әйелдер зорлық-зомбылығымен күрес жөніндегі басқарманың телефон нөмірлері көрсетілген жадынамалар таратты.
Облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы Татьяна Колесникова атап өткендей, отбасындағы дәстүрлі құндылықтарды және адамгершілік қағидаларын насихаттау, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту және тұрмыстық әлімжеттіктерге жол бермеу мақсатында жүргізілген шара барысында құқық қорғау органының есебінде тұрған 377 тұлға тексерілді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрмысы төмен 232 отбасына арнайы барды. Аталмыш шара аясында отбасының шырқын бұзған 12 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз
қызметінің жетекші маманы.