«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛА БАСТАДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің 7 сәуірдегі мәліметі бойынша бір тәулікте 124 үйдің ауласына су кіріп, 62 үйді алып қалған. 82 тұрғын мен 171 мал басы қауіпсіз жерге көшірілді.

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында дер кезінде 1500 текше метр су сорғызылып, нәтижесінде тұрғын үйлерді су басу қаупі сейілді. Ал кей аудандарда тасқынның беті қайтып, тұрғындар үйлеріне орала бастады. Мысалы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Мәдениет және Көкалажар ауылдарының 98 тұрғыны үйлеріне оралды. Дегенмен, облыстың 4 ауданының 8 ауылын әлі де су алу қаупі бар, осыған орай Тайынша ауданында 3 ауыл арнайы қызметтердің бақылауына алынды.

Жалпы қар еріп, тасқын басталғалы 6 ауданға қарасты 13 ауылдың 418 ауласына, оның ішінде 303 үйге су кірген. Қазіргі таңда қар суы қайтып, 203 баспанаға иелері орала бастады. 100 үй әлі де су құрсауында тұр.

Судың жайылуы автокөлік жолдарына да зақым келтіруде. Бүгінге дейін автокөлік жолдарының 34 бөлігін су басқан. Қатты ағын су жолдың бес бөлігі мен бір көпірді бұзып кетті.

28 наурыз бен 7 сәуір аралығында 6 мың метр уақытша бөгет жасалды. Қар суын елді мекендер мен үй аулаларынан ағызып жіберу үшін 20 мың метрдей су бұру каналдары, республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың 22 бөлігі қазылды. Сондай-ақ, ағын су арналарынан 3 мың қап құм алынып, бөгет ретінде қайта төселді және 150 мың текше метр су сорғызылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp