«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗАСЫН АЛДЫ

Петропавл қалалық соты пара алды деген күдікпен ұсталған полицияның аға лейтенанты Самал Құдабаеваның үстінен қозғалған қылмыстық іске нүкте қойды. Бұрынғы тергеуші биылғы ақпан айында алаяқтық фактісі бойынша түскен арызға сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізген. Ол осы іске қатысы бар лауазымды тұлғадан 80 мың теңге көлемінде пара алған жерінде ұсталған еді.

Петропавл қалалық соты С. Құдабаеваға қатысты қылмыстық істі қарау барысында оның пара алғанын дәлелдейтін айғақтардың жеткілікті екенін ескеріп, еліміздің Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-тармағына сәйкес кінәлі деп тапты. Сот үкімімен бұрынғы тергеуші бір жыл мерзімге бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Сот Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстардың жеткілікті жүргізілмеуіне байланысты облыстық ішкі істер департаментіне дербес қаулы шығарды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp