Петропавлда жастар арасында еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі аяқталды. Өңірімізде бұрын-соңды өтіп көрмеген дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан 300-ден астам жас балуан қатысты.
Үш күнге созылған сайыс қорытындысы бойынша жалғыз алтын алқаны 50 килограмда қарсылас шыдатпаған Еркебұлан Боранғалиев иеленді. Ол сонымен қатар, еркін күрестен спорт шеберінің нормативін орындады. Сұлтан Бейісов, Есхан Әбілқасым, Нұрғожа Қайпанов қола медальға қол жеткізді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.