Облыс спортшылары Алматы қаласында “ITF” таэквондодан өткен VIII Азия біріншілігінен жүлделі оралды. Бәсі биік сайысқа әлемнің 18 елінен 400-ден астам спортшы қатысты.
Екі жылда бір рет өткізілетін сайыс барысында кадеттер арасында өнер көрсеткен Дарья Назарова біріншіліктің тул сериясында алтыннан алқа тағынды. Илья Паньков жекелей арнайы техникада жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Ал Елхан Амангелді жекелей спаррингте қола медальға ие болды. 14-15 жастағылар арасында сынға түскен Глеб Лымарь жекелей және командалық спаррингте жақсы өнер көрсетіп, өңір командасының қоржынына күміс медаль салды. Жекелей тулда, командалық спаррингте және топтық арнайы техникада үздіктер қатарынан көріне білген Айнұр Қадірменова біріншіліктің үш мәрте жеңімпазы атанды. Ересектер арасында сынға түскен Илья Хван жеңістің биік тұғырына екі мәрте көтерілді. Ол жекелей және командалық арнайы техникада алтыннан алқа тағынса, спаррингте күміс медальға қол жеткізді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.