«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛЕДІ

“Қазақстан темір жолы” акционерлік қоғамы Жеңіс күні құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге

“Тұлпар-Тальго” пойызымен жүруге жеңілдіктер береді. Бұл жөнінде “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Осы мақсатпен “Тұлпар-Тальго” пойызымен жүруге жеңілдіктер беретін жаңа дисконтты карталар шығарылмақ.

“Ардагер” дисконтты картасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, Ұлы Отан соғысының I, II, III топтағы мүгедектеріне арналған 99 пайыз жеңілдік жасалады. Дисконттық карта тегін және мерзімі шектеусіз.

“Ардагер+” дисконтты картасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқандарға теңестірілген барлық топтардың өкілдеріне (оның ішінде аумақтық соғыстарға және Чернобыль апатын жоюға қатысқандар және т.б. бар) 50 пайыз мөлшерінде жеңілдік жасалады.

Қазіргі уақытта “Тұлпар-Тальго” пойызына билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеңілдіктер жасалады. Ендеше “Ардагер+” дисконтты картасы бар жолаушы билетті күні бұрын алса 70 пайызға дейін жеңілдік ұсынылады.

Дисконттық картаны алу үшін вокзалдағы “Жолаушылар тасымалы” АҚ темір жол кассаларына барып, жеке куәлікпен бірге аталған мәртебені растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 3 917 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедегі, сондай-ақ, 41 729 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адам бар.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp