«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГЕ ЖИЕНДІК ЖҮРМЕЙДІ

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жалпы кадастрлық құны 3,1 млрд. теңгені құраған 50,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтарды.

Бұл үстіміздегі жылдың өткен үш айында прокурорлық қадағалау актісі бойынша жер заңнамаларын қолдану саласындағы жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды.

Аталған салада барлығы 6 тексеріс жүргізіліп, 93 заң бұзушылық анықталды. Осы орайда 21 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жер телімдерін жалға алушылардан бюджетке 10,5 млн. теңге өндірілді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp