«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПӘН ОҚЫТЫЛАДЫ

Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықты бір ғана құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. Қоғам дертімен күресу – әрбір адамның, әсіресе, жастардың міндеті. Ол үшін жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің мамандары өткізген кездесуде осы мәселе әңгіме арқауына айналды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Жиын барысында 2015-2016 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлық сипаттарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы талқыланды, сондай-ақ, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері” пәнінің оқу бағдарламасы таныстырылды.

– Жастардың бойына жемқорлықты қабылдамау қасиетін отба­сы тәрбиесінде, мектептерде, жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарында қалыптастыру қажет, – деген М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Құқықтық пәндер” кафедрасының меңгерушісі Наталья Баранова “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері” пәнінің өзекті мәселелеріне тоқталып, оны жаңа оқу бағдарламасына енгізудің маңызын айтты.

Студенттер арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы жайында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі Эльмира Танақұлова баяндады.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Нұрлан Жахин оқу курсының ерекшеліктеріне тоқталып, оны болашақ заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, сондай-ақ, гуманитарлық мамандықтарда оқып жүрген студенттерге де оқытудың қажеттігін атап көрсетті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp