Кітап адамзаттың баға жетпес құндылығы, білімнің қайнар көзі екені баршаға мәлім. Әйтсе де, кітап бүгінде ақпараттық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана пайдаланылуда. Оқушылар, студенттер көбінесе оқу залдарына тапсырылған тақырып бойынша реферат, баяндама, шығарма жазуға ғана келеді. Мұндай жағдайлар кітапхана қызметкерлерін ғана емес, аға буын, зиялы қауым өкілдерін де алаңдатуда.
Осы мәселеге қоғамның назарын аудару үшін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада “Бұл кітап әлемі” атты айлық жарияланған болатын. Осы игі шараны С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мамандары да қолдап, кітап айлығын жариялады. Шара барысында кітапханада кітап оқуды насихаттауға арналған әртүрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың қатарында қызықты, сирек кездесетін кітаптар көрмесі, “Душа на кончике пера” атты жас ақындар кеші, “Оқу галактикасы” атты өзге де жиындар бар.
Ләззат ЖОЛАУШИНОВА,
С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың бас кітапханашысы.