Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары “ЕС-164/4” түзеу мекемесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларына тарту жасап, біркүндік демалыс ұйымдастырды. Балдырғандар Петропавлдағы “Аквапарк” спорттық-сауықтыру кешенінде болып, жүзу құралдарының көмегімен суда әртүрлі жаттығулар жасады. Содан кейін хайуанаттар бағын аралап, жануарлардың тіршілігімен танысты.
Осындай игі шараның өтуіне ұйытқы болып, әсерлі көңіл-күй сыйлаған департамент мамандарына алғыстарын жеткізген балалар ерекше қуанышпен тарқасты.
Шынар ДАУТБАЕВА,
“ЕС-164/4” түзеу мекемесінің қызметкері,
әділет аға лейтенанты.