Облыс орталығында бірнеше наубайхана бар. Ұзақ жылдардан бері нан пісірумен айналысатын “Бурчук” серіктестігінің де өнімі әрқашан сұранысқа ие. Роза Әбденова бір ауысымда бір жарым мыңнан астам бөлке нан дайындайтын кәсіпорында сегіз жылдан бері тапжылмай еңбек етіп келеді. Әріптестерінің құрметіне ие жанды өз ісінің шебері десек, артық айтқандық емес. Өйткені, осы күнге дейін ол көптеген жастардың ұстазы атанды. Әрбір шаңырақтың дастарқанына сән беретін әрі бәріміз дәмін тататын нан дайын болғанша еңбеккерлер біраз тер төгеді.
– Таңертеңгі сегізден кешкі жетіге дейін тізе бүкпейміз. Сонымен қатар, ас атасының дәмді болуына да ерекше мән береміз. Ал дайын өнімдер дүкендерде сатып алушылардың көңілінен шыққанда, еңбегіміздің қайтарымы болғанын ойлап, қуанышқа бөленеміз, – дейді өндіріс озаты.
СУРЕТТЕ: Роза Әбденова.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.
