«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Су құрсауы бөгет емес

Биылғы су тасқыны тұрғындарды да, құтқарушыларды да біраз әбігерге

салды. Өткен аптаның соңғы күндері Челябі – Новосібір бағытындағы тасжолдың жабылуына да судың көтерілуі себеп болды. Облыс орталығының іргесінде орналасқан Заречный кентінен Петропавлға қатынайтын жол да жабық. Осы қиындыққа байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері жұмыстарын ширата түсті. Кез келген жағдайға дайын болуы үшін елді мекеннің жанынан екі мобильдік бекет құрды.

Бүгінде заречныйлықтар облыс орталығына жаяу жүргіншілерге арналған көпір арқылы қатынауда. Онымен өтіп жатқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар күні-түні сол көпірдің басында.

Бүгіндері кент тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге және жүргіншілерді тасуға құтқарушылардың “КамАЗ” автокөлігі пайдаланылуда. Өткен жұма күні түнгі сағат 3-те плотина арқылы құтқарушылар 28 жастағы жүкті әйелді алып өтіп, облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді. Таң ата нәресте дүниеге келді.

Бүгінде Заречный кентіне апаратын жолдарда су деңгейі төмендеп келеді. Құтқарушылар әлі де аталмыш елді мекенді азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp