Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері бір аптаның ішінде екі нәрестенің дүниеге аман-есен келуіне себепші болды.
Құтқарушылар су құрсауында қалған Заречный кентінен айы-күні жетіп қалған 28 жасар әйелді түннің ортасында жедел түрде облыс орталығындағы перинаталдық орталыққа жеткізіп, 3-4 сағаттан кейін ер бала дүниеге келген болатын. Ал 27 сәуірдің таңында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің диспетчерлік орталығына Астана – Петропавл бағытындағы тасжолда жүкті әйелді ауруханаға жеткізбек болған “Жедел жәрдем” көлігінің сынып, жолда қалғаны туралы ақпарат келіп түседі. Құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, толғақ қысқан әйелді 40 шақырымдағы Тайынша ауданының орталық ауруханасына жедел апарды. Әйел дәрігерлердің қолына тапсырылған соң көп өтпей дүниеге қыз бала әкелді.
(Өз тілшіміз).