1995 жылдың 30 тамызы еліміздің тарихынан ерекше орын алатын айшықты сәтпен есте қалды. Барша қазақстандықтар жаңа кезеңге қадам басып, жалпыхалықтық референдумда үлкен таңдау жасады. Біз барлығымыз демократия, тұрақтылық пен ортақ үйіміз – Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне дауыс бердік.
Конституция – Қазақстанның басты байлығын сақтайтын маңызы зор, ауқымы кең, тарихи құжат. Ал азаттықтың ақ таңы атып, бостандық туы қалықтаған еліміз үшін биыл ерекше жыл. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында мемлекет қалыптасу кезеңінен өтті. Егемендіктің, тәуелсіздіктің арқасында және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен бастапқы нарықтық қатынастарға кең жол ашылды. Бүгінде елімізде бизнестің дамуының айқын көрінісі бар.
Тәуелсіздіктің шуақты таңымен мемлекет кәсіпкерліктің дамуы үшін қазақстандықтарға тең мүмкіндік беріп, қолдау көрсетті. Бизнес өкілдері республиканың даму жылдарында көп жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде біздің “Петропавл арақ зауыты БН” ЖШС де бар.
Өткен жылы кәсіпорында техникалық жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Өндіріске озық технологиялар енгізілуде. Жаңа жұмыс орындары құрылып, әлеуметтік және еңбекақы, зейнетақы төлемдері уақтылы төленуде. Бүгінгі таңда серіктестік қала бюджетіне елеулі үлес қосып отырған кәсіпорындардың бірінен саналады. Акцизден түсетін салық қалалық бюджеттің 25 пайызын құрайды. Өткен жылы бюджетке 2,1 миллиард теңгенің салығы түсті.
Нарықта өзіндік орын алған өнімдерді сапалы шығаруда көпұлтты ұжым еселі еңбек етуде. Зауыт Қазақстанда ғана емес, өзге де нарықты жаулаған 70-тен астам жоғары сапалы өнім шығарады. Кәсіпорын Түркияға өз өнімдерін экспорттайды. Сондай-ақ, Грузия, Финляндия мен өзге де мемлекеттермен байланыс орнатуды көздеуде. Бұл жетістіктерге қол жеткізуіміз табиғи шикізат қорын пайдалануымызбен ғана емес, сапалық көрсеткішімізге де тікелей байланысты. Өндірістің барлық кезеңінде сапа қатаң бақылауда болады. Әр жылдары облыстық, республикалық, халықаралық көрмелер мен байқауларда құрмет белгілерімен, медальдар және грамоталармен марапатталуымыз сөзімізге дәлел. Мәселен, үстіміздегі жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында өткен ХХІІІ халықаралық “ПРОДЭКСПО – 2016” атты байқауда “Қызылжар Grand” тауар белгісімен қатысқан серіктестік “2016 жылдың үздік өнімі” аталымында жеңіске жетіп, алтын медаль мен дипломға ие болды.
Біздің ұжым еліміздің Конституциясын ерекше құрмет тұтады және мемлекетте бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін өмірде барлық жетістіктердің қайнар көзі, кепілі деп санайды.
Солтүстікқазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, әр отбасыға жақсылық пен бақыт, шаттық тілеймін!
Тахир ГУСЕЙНОВ,
“Петропавл арақ зауыты БН” ЖШС-нің директоры.