«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫПТЫ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті дәрілік препараттарды көтерме бағамен сатумен айналысатындардың заң бұрмалаушылықтарға жол бергенін анықтады.

Дәрілік препараттардың көтерме саудасымен айналысатын “Гелика Фарм Групп Дистрибьюция”, “Спектр Фарм” және “Фарм Медика Саудасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты тексеру қорытындысы аяқталды. Оған негіз болған басты факті – өткен жылдың қыркүйек-қазан айларында дәрілік препараттардың бағасының заңсыз көтерілгені еді. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабының 1-тармағына сәйкес, тауарлар өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге, оның ішінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын, не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға тыйым салынған. Сондықтан тексеру қорытындысы бойынша аталмыш субъектілерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Облыстық соттың қаулыларымен көтерме бағамен сатушылар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 2-бөлігін бұзғаны үшін айыпты деп танылып, 2 398 732 теңге айыппұл түрінде (монополиялық кірісті тәркілеумен) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Наталья ШАЯХМЕТОВА,

Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу

және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp