«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жерлестері риза

Қазақстан Конституциясы күні қарсаңында Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында автокөліктерге көгілдір отын құятын “РайГАЗ” станциясы ашылды.

Бұрындары айыртаулықтар аталған қызмет түрі үшін Петропавл, Көкшетау қалаларына арнайы баратын еді. Айыртаулықтардың қолайлы жағдай жасаған жергілікті кәсіпкер Владимир Черепановқа алғысы шексіз. Сондай-ақ, кәсіпкер шалғай жатқан ауылдарға газ баллондарын таратуды да қолға алмақ. Осындай қызмет түрімен жерлестерін риза еткен кәсіпкер бүгінде 5 адамды еңбекпен қамтыған. Алдағы уақытта тағы да 3 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр.

Балжан БЕКМАҒАМБЕТОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp