«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екеуі де жеңіліп көрмеген

Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келли Брук арасындағы бокс кездесуін 10 қыркүйек күні сағат 23.00 -де “Қазақстан” мен “Kazsport” телеарналары тіке­лей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсеті­лімі жүргізіледі.

Лондонда орналасқан Еуропа­ның ең үлкен ареналарының бірі – 20 мың адамдық “О2” спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Келли Брукпен жұдырық түйістірмек. 34 жастағы Головкин үшін бұл 36-шы белдесу және боксерлік шаршы алаңына 17-ші рет чемпи­он есебінде шығуы. Одан бұрынғы 35 жекпе-жегінің барлығында ол жеңіске жеткен (оның ішінде 32-сі нокаут). Ал оның қарсыласы 30 жастағы Брук те еш жеңілмеген, 36 жұдырықтасуды таза жеңіспен аяқтаған (оның ішінде 25-і но­каут).

Геннадий Головкин 4 қыркүйек күні кездесуге даярлану үшін Лондон қаласына келді.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp