«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан халқы тілдерінің XVIII облыстық фестивалінің ашылу салтанаты Бескөл ауылындағы Мәдениет үйінде өтті. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

Салтанатты шара барысында өңір басшысы облысымыздағы тіл саясатын дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген жеті адамға Құрмет грамотасын табыстады. Олардың арасында мұғалімдер, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, әдіскерлер, жекеменшік коммерциялық емес мекемелер басшылары, газет тілшілері бар. Тағы он адам облыс әкімінің қолынан Алғыс хаттарын алды.

Мемлекеттік тілде іс жүргізген ең үздік аудан” аталымы Қызылжар ауданы үздік деп танылды. “Қазтест” нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді ең жақсы меңгерген шалақындықтар болды. Есіл ауданы — “Қазақстан халқы тілдерін белсенді насихаттағаны үшін” аталымының жеңімпазы. “Шекара ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі” аталымы бойынша бас жүлде Ресей Федерациясындағы Омбы облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясына бұйырды. “Халықтар дәстүрін дамытуға қосқан үлесі үшін” аталымы “Балқадиша” вокалдық-фольклорлық халық ансамбліне берілсе, “Тайынша-Астық” ЖШС “Тіл меценаты” аталымында жеңіске жетті. Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі Қазақстан халқы тілдерін белсенді насихаттаушы білім беру мекемесі атанды. “Новый style” жарнамалық агенттігі мемлекеттік тілді белсенді насихаттаушы аталымында көш бастады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp