Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті Экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері атыс қаруын және оқ-дәрілер сақтау фактісін анықтады.
Мамлют ауданының тұрғыны екі тапанша мен 60-тан астам оқ-дәріні өзінің үйінде жасырып келген екен. Енді оған бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынып, тіпті бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Қазір қылмыстық іс қозғалды, дейді Экстремизмге қарсы күрес бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Спартак Қабденов.