Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жедел ақпараты бойынша, қыркүйектің 16-на дейін 3217,7 мың гектар алқаптың 2390,9 мың гектары орылды.
Бұл барлық егіннің 74,3 пайызына тең. 2166,6 мың гектары бастырылып, 3733,3 мың тонна бидай жиналды. Диқандар әр гектарынан орта есеппен 17,2 центнерден өнім алуда.