«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қос мықтының тартысы

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-ші турында жергілікті “Қызылжар” клубы өз алаңында Шығыс Қазақстан облысының “Алтай” командасын қабылдады. Тартысты өткен ойын тең аяқталды. Есеп – 2:2.

Солтүстікқазақстандық футболшылар бірінші таймда басымдылық көрсетті. Карам Сұлтанов төртінші минутта “Алтай” қақпасына доп соғып, есепті ашты. Дегенмен, қарсылас команданың да шабуылдары қарқынды көрінді. 31-ші минутта “Алтай” ойыншысы Сергей Шафф есепті теңестірді. Бірақ ойынның 44-ші минутында жерлес футболшы Тимур Мульдинов қарсыластар қақпасына тағы бір гол соғып, командасын алға шығарды.

Ойынның 54-ші минутында қонақтардың шабуылы голмен аяқталды. Әріптесінен пас алған Алексей Шакин нысананы дәл көздеп, есепті теңестірді. Бұдан кейін “Қызылжар” командасының футболшыларында есепті еселей түсуге бірнеше мүмкіндік болған еді. Алайда, олар шығысқазақстандықтардың қақпашысынан айласын асыра алмады.

Солтүстікқазақстандықтар 43 ұпаймен турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды. “Алтай” үшінші сатыда.

Қанат АТАМАНОВ,

Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp