«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қиындыққа тап болғандар — назарда

Өскелең ұрпақты жаман әдеттерден сақтандыру бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Кәмелетке толмаған мектеп оқушылары арасында суицид, заң бұзушылық азаяр емес. Қазіргі таңда оның алдын алу мақсатында көптеген шаралар атқарылуда. “Жастар саламатты өмір салты үшін” жастар қоғамдық бірлестігі Петропавл қаласында орналасқан кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының өрендеріне арнап семинар-тренинг өткізді.

Аталған орталық 30 орынға шақталған. Қазір де мекемеден түрлі себептермен ата-ана қарауынсыз қалған 15 жасөспірім пана тапқан. Кез келген мемлекеттің, қоғамның басты байлығы – адам. Халықтың денсаулығы – мемлекет болашағының негізі десек, оның жақсы, қалыпты жағдайда болуы өмір сүру салтына тікелей байланысты екендігі, айтпаса да түсінікті. Кәмелетке толмағандарды оңалту орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райхан Ертаеваның айтуынша, өмірде түрлі қиындықтарға тап болған 3-тен 18 жасқа дейінгі ұл-қыздар уақытша орталықты паналайды. Кәмелетке толмағандарды оңалту орталығына келіп түскен жеткіншектерге бар жағдай жасалған. Орталық қызметкерлері жеткіншектерге ұдайы көңіл бөліп, қоғамға бейімделуге көмектеседі.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp