«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮШ СЫНАСТЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып, спорттық жарыс өткізді.

Оған ведомствоға бағынышты барлық бөлімдер қатысты. Қатысушылар кедергілермен 100 метрге жүгіріп, 4 қабатты жаттығу мұнарасына сатымен көтеріліп, шеберліктерін сынады. Осы тапсырмаларды Руслан Шунаев, Нұрбек Боқұшев, Денис Матвейкин, Темірлан Сүлейменов сияқты өртсөндірушілер жақсы көрсеткіштермен орындап, өз топтарын жеңіс тұғырына шығарды.

Командалық есепте Петропавл қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің тобы жеңімпаз атанды. Үздіктерге грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp