«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР

Облыстың тәртіп сақшылары 16-20 қыркүйек аралығында жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” атты жедел-алдын алу шарасын өткізді.

Аталмыш шараға 400-ден астам полиция қызметкері тартылды. Сонымен қатар, түнгі рейдтерге білім беру, денсаулық сақтау салаларының және прокуратура органының қызметкерлері, “Нұр Отан” партиясының өңірлік филиалы мен ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты. Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында жасалатын қылмыстардың алдын алу, оларға алкоголь және темекі бұйымдарының сатылуына жол бермеу мәселелерін басты назарға алды.

– Қаладағы түнгі би және бильярд клубтары, қор-қор ұсынылатын орындар және тағы да басқа көңіл көтеру нысандары тексерілді, – деді қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция капитаны Құрман Мусин.

Облыс бойынша “Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу шарасы кезінде кешқұрым уақытта серуендеп жүрген 115 жасөспірім ұсталып, оның 47-сі арнайы тіркеуге алынды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp