«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ

Облыс орталығында қазақ тілін кеңінен насихаттап, қолдану аясын кеңейту мақсатында “Мәңгілік ел – мәртебелі тіл” акциясы өтті. Солтүстік Қазақстан медицина колледжінде Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVІІІ облыстық фестивалi аясында өткен шараға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Кемел Оспанов қатысты.

– Тіл – халық игілігі, ол ұлттардың бірігуі мен топтасуына ықпал ететін тәрбие құралы және тұрақтылық кепілі, – деген ол жиналған қауымды тілдер мерекесімен құттықтап, тіл жанашырларын Алғыс хатпен марапаттады.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйытқы болуымен Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды. Өзге этнос өкілдері арасында “Тіл – парасат”, “Тіл – тұнық ойдың кәусары” сияқты байқау-сайыстардан басқа мемлекеттік мекемелер мен білім ордаларында да тіл апталығы, түрлі мәдени-рухани шаралар өткенін атап өткен жөн.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp