«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

Достық үйінде “Вайнах” шешен-ингуш этномәдени бірлестігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдениет фестивалін өткізді.

Өңіріміздегі шешен және ингуш диаспораларының тілін, дәстүрлері мен салттарын жаңғыртып отырған бірлестік жыл сайын осындай мәдени шараларды өткізуді дәстүрге айналдырған. Фестиваль барысында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов этносаралық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан аталмыш бірлестіктің бірқатар белсенділерін марапаттады.

Елімізде өмір сүріп жатқан шешен, ингуш этностары 1944 жылы күштеп жер аударылған еді. Осы оқиғаны еске алған “Вайнах” шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Муса Дадаев зұлым саясаттың құрбанына айналған ата-анасының жергілікті халықтың қамқорлығының арқасында аман қалғанын тебірене жеткізді. Тағдыр тәлкегіне түскен сол буынның ұрпақтары бүгінгі күні жайлы өмір сүріп жатқанын тілге тиек еткен ол қазақ халқына алғысын да айтты.

Сахна төрінде Қазақстан және тарихи Отандары – Шешенстан туралы, бірлік, татулық жайлы ән шырқалып, өлең оқылып, ұлттық билер орындалды. Фестивальға өзге этномәдени бірлестіктердің өкілдері де қатысып, бір-біріне деген құрметтерін көрсетті.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp