Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мен Ішкі істер министрлігінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы Қайрат Тыныбеков жұмыс сапарымен облыс орталығына ат басын тіреді
Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов бастаған топ қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы “Модуль” стационарлық бекетіне, облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің ғимаратына барды. Бүгінгі таңда жергілікті полиция қызметінде 1000-нан астам адам еңбек етеді. Үстіміздегі жылы 300 миллион теңгеге 55 автокөлік, 13 жылдамдық өлшегіш құрал алынған. Сонымен қатар, қырағы сақшылардың өз міндеттерін мүлтіксіз орындауларының нәтижесінде өңірімізде қылмыстар саны азайып, жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші төмендеген екен.
(Өз тілшіміз).