«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті мұғалімдер, білім саласының қызметкерлері мен педагогикалық еңбектің ардагерлері!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ең жауапты әрі мәртебелі мамандық. Жеткіншектердің жеке тұлға болып қалыптасуының қайнарында нақ сіздер тұрсыздар, балаларды еркін ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға және әрдайым өзін-өзі жетілдіруге баулисыздар.

Қазақстан Республикасында білім беру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында оқыту стандартын жаңартуға, жоғары білікті мамандар даярлау мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударды.

Солтүстік Қазақстан облысында бұл бағытта ауқымды істер атқарылуда. Білім беру мекемелерінің желісі дамуда, жыл сайын материалдық-техникалық база нығайып, оқу үдерісіне жаңа инновациялық-коммуникативтік технологиялар енгізілуде, педагогтердің еңбекақылары өсуде.

Біздің өңірімізде өз еңбегімен облыстың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарынды педагогтер қызмет етеді. Құрметті ұстаздар, өз кәсіптеріңізге адалдықтарыңыз үшін, балаларға күн сайын жылулық сыйлағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс және ризашылық білдіруге рұқсат етіңіздер.

Облыстың білім беру жүйесінің дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге лайықты үлес қосқан педагогикалық еңбектің ардагерлері ерекше құрметке лайық.

Қымбатты ұстаздар! Осынау мереке күні сіздерге зор денсаулық, құт-береке, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шығармашылық шабыт пен жаңа табыстар тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp