«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті солтүстікқазақстандықтар, соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер!

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – бүгінгі күні мақтан тұтар барлық игіліктерді жасаған және қорғаған біздің ата-аналарымыздың, тәлімгерлеріміз бен жерлестеріміздің, сонымен қатар, қазіргі таңда да Солтүстік Қазақстан облысының гүлденуіне елеулі үлес қосып жүрген жандардың мерекесі.

Аға буын өкілдерінің өмір сүруіне лайықты жағдай жасау – біздің міндетіміз. Толыққанды азаматты қалыптастыру үлкенге деген құрметтен басталады. Тек өткенімізге, тарихымыз бен дәстүрлерімізге құрметпен қарау арқылы ғана қоғам мен мемлекет өмірін лайықты құруға болады.

Сіздер өңірдің индустриалдық қуатын арттырдыңыздар, Ұлы Отан соғысында елді жаудан қорғадыңыздар, кейін облыстың заманауи дамуының негізін қаладыңыздар. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде біздің өңір жеткен жетістіктер – сіздердің көп жылғы және қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі.

Көбіңіз егде тартқандарыңызға қарамастан, белсенді азаматтық көзқарас ұстанып, көңілдеріңіздің әлі де жас екенін көрсетудесіздер. Қартаймайтын, мейірімді және кемеңгер жандарға деген шынайы құрметіміз бен алғысымызды қабыл алыңыздар.

Зор денсаулық және ұзақ ғұмыр, жан жылуын және бақыт тілеймін! Сүйікті және қамқор балаларыңыз бен немерелеріңіз, достарыңыз әрқашан жандарыңыздан табылсын.

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp