Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ішінен ашылған мұражайдың жұмысымен танысты.
Қыркүйек айында аталмыш театрдың ашылғанына 130 жыл толды. Мұнда сол жылдардан сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Және де осы күнге дейін театр қоныс тепкен ғимараттардың суреттері бар, солардың бірі – қазіргі “Комфорт” дүкені. Сонымен қатар, театр әртістерінің пайдаланған париктері мен аяқ-киімдері және де қазақ-орыс ұлттарының киім үлгілерін де көруге болады. Әр жәдігер құнды. Театр өзінің 100 жылдығында Мәскеу қаласындағы А.Островский атындағы КСРО-ның кіші театрының сахнасында өнер көрсеткен болатын, сол қойылымның суреттерін де тамашалауға болады. Мұражайдың ашылуына мұрындық болған, көп ізденіп, тер төккен адамдардың бірі, театрдың әдеби бөлімнің меңгерушісі Людмила Лошаковаға әріптестері ризашылықтарын білдіріп жатты.
Айгүл ХАМЗИНА,
“Солтүстік Қазақстан”.