«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАС НЫҒАЙДЫ

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов Астанада өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы XIII өңiраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Ынтымақтастық форумы аясында өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов пен Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалар бойынша екiжақты ынтымақтастық келiсiміне қол қойды.

Қос өңір үшін де тиімді екiжақты ынтымақтастықты тереңдету және одан әрi дамыту жөнiндегi келiсiм аясында тауар өндiрушiлердiң біздің өңірде және Қорған облысында өтетін көрме-жәрмеңкелерге қатысуына, ауыл шаруашылығы, азық-түлiк тауарларын, өнеркәсіптің металл өңдеу мен машина жасау және өзге де саласының өнімдерін жеткізуді ұйымдастыруда қолдауға ие болады.

Сондай-ақ, медицина, бiлiм, ғылым, спорт пен мәдениет саласының, өнер ұжымдарының әдістемелерімен және озық тәжiрибелерiмен бөлiсу мүмкiндiгi де қарастырылып отыр. Бұл келісім 5 жылдық мерзімге жасалды.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов аталған келiсiм қос өңір арасындағы iскерлiк және экономикалық қатынасты дамытуға бағытталғанын атап өттi.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp