«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МӘҢГІЛІК ЕЛ” — ЖАСТАР ЕНШІСІ

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Біздің де мемлекетіміздің жарқын болашағының тірегі – жалынды жастар. Бойында бұла күші тулаған өрендер еліміздің жаңару үдерісіне белсене қатысуы керек. М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде “Жас ұлан” қоғамдық бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен “Мәңгілік Елдің болашағы!” атты “дөңгелек үстелде” осы ой әңгіме өзегіне айналды.

Оған жастар бастамалар орталығы мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттер кәсіподағының, облыстық “Студенттер Альянсы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен белсенділері қатысты.

Ұлт жоспары – мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жасалған бағдарлама. Мемлекет басшысы ұсынған “Мәңгілік Ел” идеясы жастарды тың ізденістерге бастауда. Шара барысында аталмыш бағдарламаны іске асырудағы жастардың рөлі талқыланып, жиынға қатысқан белсенді өрендер мазмұнды ой-пікірлері мен қызықты идеяларын ортаға салды, еліміз осы күнге дейін қол жеткізген толағай жетістіктер жөнінде ой бөлісті.

Дархан ТЕМІРТАС,

“Жас ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі директорының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp