«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында тәлімгер ұстаз бен жас маманның кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған “Педагогикалық дуэт” байқауы өтті.

Тәлімгерлікті (тьюторлықты) жандандыруды, жас ұстаздардың көшбасшылық қасиеттерін ынталандыруды, инновациялық жүйеде жұмыс істейтін дарынды педагогтерді қолдап, облыс көлемінде тәжірибелерін таратуды көздеген шараға көпжылдық тәжірибесі бар тәлімгер мен еңбек өтілі 5 жылдан кем емес жас мамандар жұптары қатысты.

Уәлиханов ауданы №2 Кішкенекөл орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімдері – Тұрлыбек Оспанов пен Руслан Хайргелдинов және Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің оқытушылары – Елена Тютяева мен Татьяна Зайдинованың жұптары үздік деп танылды. Петропавл қаласындағы №26 мектептің ұстаздары – Елена Лукьянова мен Әсемгүл Мусина және Аққайың ауданы “Аленушка” балабақшасының тәрбиешілері – Раушан Ахметова мен Елена Кислая ІІ орынды жеңіп алды. Петропавл қаласындағы Бірінші гимназияның өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері – Лариса Мотыгина мен Елена Белоусова және Қызылжар ауданы Пеньково орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі – Гүлдер Шаймердинова мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Райгүл Беженова ІІІ орынды иеленді.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp