«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚҰЛАГЕРДІҢ” АЙҚЫН ЖЕҢІСІ

“Құлагер” хоккей командасы сырт алаңда “Теміртау” командасымен екі кездесу өткізді.

Алғашқы кездесуде жерлестеріміз қарсыластарын 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Ал қарымта ойында айдын иелері солтүстікқазақстандық хоккейшілерге тегеурінді қарсылық танытты. Дегенмен, жерлестеріміз теміртаулықтарды 2:1 есебімен ұтты.

Сөйтіп, қоржынында 14 ұпайы бар жерлес команда турнир кестесіндегі алтыншы орнын сақтап қалды. Енді, “Құлагер” өз алаңында біріншіліктің көш басында келе жатқан астаналық “Номад” командасын қабылдайды.

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кезекті турында жергілікті “Қызылжар” клубы өз алаңында “Екібастұз” командасын қабылдады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp