«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАЙДЫ

Елімізде “Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы” Заң бар екенін жалпақ жұрт естігенімен, оның қандай міндеттері бар екенін құқық қорғау саласында жүргендер ғана біледі. Бұл заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғам және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейді.

Мәселен, есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Өзге де нысандарда жүргізілетін бақылау тек ескерту және алдын алу іс-шаралары болып табылады. Олардың нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, тексерілетін субъектіге оны жою тәртібі түсіндіріле отырып, нұсқама жасалады. Бақылаудың өзге де нысандары тексерілетін орынға бармастан, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласын бақылауды мониторинг, есепке алу және есеп беруді қадағалау арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Осы орайда меншік нысанына қарамастан, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшін пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға, құрамында тізімге енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер телімдерін тексеріп қарауға және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жою мақсатында арнайы құрылған бөлімшелермен іс-шаралар жүргізуге құқылы. Сондай-ақ, оларда есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, оларға сараптама жүргізу үшін көрсетілген өнімнің техникалық негізделген мөлшердегі үлгілерін алу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар беру, талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметін тоқтата тұру құқығы бар. Сонымен қатар, еліміздің есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныс енгізе алады.

Динара ЖАҚҰБАЕВА,

Петропавл қаласының

мамандандырылған әкімшілік

сотының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp