Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарақоға, Полудино ауылдарында өрт сөндіру қосындары ашылды.
Төрт адам тұрақты жұмыс істейтін қосын құрал-жабдықтармен, арнайы киімдермен және жылы гаражбен қамтамасыз етілген. Нысандар кәсіпкерлік субъектілерінің қолдауымен және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
Қарақоға ауылындағы қосын – Қарақоға, Ноғайбай, Образец, Чистое ауылдары тұрғындарына қызмет көрсетсе, екінші қосын – Новый быт, Бәйтерек, Ганькино, Полудино елді мекендерін қамтиды.