«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлі есін жиған жоқ

Қазанның 2-сінен 3-сіне қараған түні облыс орталығындағы ойын-сауық орындарының бірінде болған төбелес кезінде жергілікті “Барс” баскетбол клубының ойыншысы Игорь Нанаев ауыр жарақат алған еді. Зардап шегушіні жансақтау бөліміне алып келгенде, оның бас сүйегі мен ішкі мүшелеріне қатты зақым келгендігі анықталды. 23 жасар баскетболшы содан бері әлі есін жиған жоқ. Оның туыстары мен достары Игорь аяғынан тұрып кетеді деген сенімде. Осы орайда тілеулестері спортшыға көмек көрсету қорын құрып, жиналған қаржыны емдеу шаралары мен адвокаттың қызметіне жұмсамақ.

“Барс” баскетбол клубы да өмірі қыл үстінде тұрған спортшыны аман сақтап қалу үшін жан-жақты көмек көрсетіп жатқан көрінеді.

Ал спортшыны осындай халге душар еткен 21 жастағы күдікті ұсталса да, тәртіп сақшылары әзірше өзге ақпараттарды жарияламай отыр.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp