Мамлют ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің мамандары өрт қауіпсіздігі айлығы аясында мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді.
Виртуалды сабаққа Мамлютка қаласының №№ 1, 2, 3 орта мектептерінің жоғары сыныптарының оқушылары қатысты. Бұл күні ұстаздың рөлін төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің мамандары атқарды. Олар балаларға өрт оқиғалары туралы айтып, отпен ойнаудың арты орны толмас қайғы-қасіретке әкеліп соқтыратынын түсіндірді. Пиротехникалық заттарды қолдану ережелеріне тоқталған мамандар аталған тақырыптағы бейне роликтер көрсетті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға қалай түсуге болатыны жайлы бейне түсірілімдер ұсынылды.
Сабақ соңында оқушыларға өртке қарсы іс-әрекеттер тақырыбындағы жадынамалар таратылды.
Балалар адам өміріне қауіп төндіретін тілсіз жаудың алдын алу мен одан сақтану жолдары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Санат МҰҚАШЕВ,
Мамлют аудандық төтенше
жағдайлар жөніндегі бөлім бастығының
міндетін атқарушы.