Петропавл қаласындағы жас натуралистер станциясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай оқушылар мен ұстаздар ұйымдастырған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтіп жатыр. Көрме оқушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, төзімділік, достықты қалыптастырып, ата-баба мұрасына құрметпен, ұқыптылықпен қарауға үйретеді.
Теріні көркем өңдеу технологиясы қазақтың қолданбалы өнерінде кең таралған. Бұл бүгінде жас натуралистер станциясы үйірмелеріндегі педагогтер мен оқушылардың ең танымал шығармашылық бағытының бірі болып табылады. Бұл технологияны Т.Мандрик және Г.Калинина өзінің жас шеберлерімен бірге меңгеріп жатыр, ал “Декупаж” техникасын жетік меңгерген Ю.Смирнова және оның оқушылары теріден жасалған ұлттық бұйымдарды тарихи көріністермен айшықтауға үлес қосуда. Мұндай бұйымдардың коллекциясы сан алуан – әшекейлер мен аксессуарлардан бастап көлемді панно, құмыралар, тіпті, шырақ қалпақтарға дейін бар.
Біздің станциямыздың ұстаздары мен оқушылары халық шеберлерінің дәстүрлерін түрлендіріп, дамытып отырады. Капрон және майлықтардан өте қызықты жұмыстар ұсынылған. Әлия Табиева өзінің шығармашылық қызметінде оларды кеңінен пайдаланады. Материалдары барлық оқушыларына қолжетімді, ал олардың қолдарымен дайындаған гүлдері ешкімді немқұрайды қалдырмайды.
Үйірме сабақтарында ұстаздар табиғи материалмен жұмыс істеуге ерекше зер салады. Кендірден жасалған сандықшалар, шырақтар, панно, құмыралар мен гүл құмыралар әдемілігімен көз тартады. Ал гербарийді Любовь Фомич “Флористика” үйірмесінің сабақтарында кеңінен қолданады. Бұл сабақтарда балалар көрмеге арнап күнбағыс және раушан гүлдерін гофроқағаздан дайындады. Анна Фролованың “Папьемаше” және түрлі-түсті тұздан жасалған мозайка техникаларын біріктірген жұмыстары көрмеге келушілердің көңілінен шығуда.
Жас натуралистер станциясының ерекше мақтанышы – көркем сурет. Фотокамералар көмегімен Отанымыздың басты байлығын оның табиғатын суретке түсіріп алуға болады. Станислав Губин және Андрей Красниковтың басшылығымен оқушылар жасаған “Солтүстік Қазақстанның табиғаты” атты түрлі-түсті фотосуреттерден тұратын тұтас коллекцияның да айтары аз емес.
Көрме – “Жас натуралистер станциясы” МКҚК еңбек ұжымының тынымсыз ізденісінің жемісі. Біздің қызметкерлеріміз өткен ғасыр өнері және шығармашылығы жайлы қызықты әңгіме-экскурсиялар арқылы жас ұрпақтың эстетикалық-көркемдік талғамына оң ықпал етеді. Бұл көрмені тамашалауға және болашақта үйірмелерге қатысамын деушілерге есік ашық.
Татьяна МАНДРИК,
жас натуралистер станциясының
бөлім меңгерушісі.