Жергілікті “Қызылжар” футбол командасы сырт алаңда шығысқазақстандық «Алтай» құрамасын тізе бүктірді. Осы жеңістен соң солтүстікқазақстандықтар өзінің басты қарсыласы “Алтай” командасын 3 ұпай артқа тастап, турнир кестесінде қайтадан екінші орынға орнықты.
Енді жерлестеріміз қазанның 22-сі күні “Қарасай” стадионындағы кезекті кездесуінде қызылордалық “Қайсарды” қабылдайды.
(Өз тілшіміз).