«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАН АРЗАНДАДЫ

Нан бағасы арзандады. Бұған дейін дүкендерде 65 теңгеден сатылған бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін “қалалық” деп аталатын нан енді 61 теңгеден саудалануда. Ал көтерме бағамен сатып алушылар үшін оның бағасы 54 теңге.

“Петропавл нан-тоқаш” комбинаты тамыз айында нан бағасын 3 пайызға көтерген еді. “Әкімшілікпен келісімге келу арқылы біз нан бағасын түсіруге ұйғардық. Нан аса қажетті азық-түліктің бірі болғандықтан, оның бағасын өсірмеуге тырысып жатырмыз”, – деді комбинат директоры Ерлан Қайшыбеков.

Айта кетейік, облыс диқандары биыл 5,6 миллион тоннадан астам астық жинады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp