«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДАҒЫ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтіп, депутаттар жергілікті жердегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысының барысымен танысты.

Халық қалаулылары Нежинское ауылдық округінің, Новоишимское ауылының учаскелік тірек пункттерінде болды. Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Сайран Ысмағұловтың айтуынша, ауылда криминогендік жағдай тұрақты, ересектер мен кәмелеттік жасқа толмағандар арасында айтарлықтай заң бұзушылықтар орын алмаған. Себебі, ауыл тұрғындарының дені жұмысбасты болса, жастардың бос уақыты мазмұнды ұйымдастырылған. Ауылда спорт кешені, “Шығармашылық үйі” жұмыс істейді. Сондай-ақ, жылыжай да бар. Онда өсірілген жемістер мектеп оқушыларының тамағына пайдаланылады, ал артылғаны сатылымға шығарылады. Бұл орайда ауыл тұрғындарына “Нежинка-Ерке” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мұрат Жұмабековтың зор қолдау көрсетіп отырғандығын атап өткен жөн.

Депутаттар Новоишимское қазақ орта мектебіне де ат басын бұрды. Орта мектептің кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған, сынып бөлмелері кең әрі жарық. Оқушылардың сапалы білім алуына, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.

Тұрақты комиссияның көшпелі отырысына аудан әкімі Владимир Дудов қатысып, облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев отырыс барысында аудандағы криминогендік ахуал туралы баяндады. Үстіміздегі жылы ауданда қылмыс саны 15 пайызға төмендепті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp