«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕР ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҚТЫ

Петропавл қаласында кадеттер мен жасөспірімдер арасында бокстан облыстың ашық біріншілігі басталды. Дәстүрлі жарысқа алты аудан мен Петропавл қаласының 100-ден астам жас өрендері қатысуда. Шаршы рингтің шаңын қаққан боксшылар 11 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтайды.

Бірінші болып 44 килограмм салмақ дәрежесінде Петропавл қаласының спортшысы Шерхан Жалпақбаев пен Жамбыл ауданының өрені Ердәулет Жолдасов қолғап түйістірді. Бұл кездесуде жамбылдық өрен айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Жарыстың бас төрешісі Рамиз Мамедовтың айтуынша, бұл жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құрама жасақталып, олар қараша айының соңында Камиль Сафинді еске алуға арналған халықаралық турнирде өңір намысын қорғайтын болады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp