“Astana Pro Team” велоклубының мүшесі, жерлесіміз Руслан Тілеубаев “Хайнань – 2016” велотурының екінші кезеңінде “Азияның үздік велошабандозы” атанды. Тағы бір жерлесіміз Алексей Луценко мәре сызығын екінші болып қиды.
Кезең қорытындысы бойынша Руслан Тілеубаев Азияның үздік шабандозы ретінде көк жейдені, ал Алексей Луценко жарыстың үздік спринтерінің жасыл жейдесін иеленді. Сонымен бірге қазақстандықтар жарыстың “Үздік командасы” атанды.
(Өз тілшіміз).