Петропавлдағы ірі сауда орындарының бірінің басшысы лаңкестіктен қорғану және нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін толық орындамағаны үшін жарты миллион теңгедей айып төлейтін болды.
Мәселен, мұнда бейнебақылау камералары жұмыс істемей тұрған, қызметкерлер лаңкестік қауіп туған кезде әрекет етуге үйретілмеген, бейнежазбаларды сақтау мерзіміне қатысты талаптар орындалмаған.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылар осындай халық көп жүретін 360-тан астам мекеменің лаңкестік тұрғысындағы қауіпсіздігін тексерген екен. Осы тексерістердің қорытындысы бойынша 19 нысанның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.