«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов облыс ардагерлерiмен кездесті.

Халықаралық қарттар күнiн облыс әкiмi алдыңғы толқынға алғыс айту мерекесi дедi. «Сiздердiң жинақтаған бiлiмдерiңiз, құнды тәжiрибелерiңiз жастардың бастамаларына қоса үлкендердiң өмiрлiк даналығын талап ететiн қазiргi жағдайда өте маңызды. Сiздер қазiр де облысымыздың қоғамдық өмiрiне белсене атсалысып жүрсiздер», – деп атап өттi Құмар Ақсақалов. Өңiр басшысы қариялардың жастарға үлкен өнеге көрсетiп, өмiрлiк тәжiрибелерiмен бөлiсiп жатқандары үшiн алғысын жеткiздi. Қызылжар өірінде бiр күнмен шектелмей, қарттарды қолдауға арналған айлық өткiзiліп, соғыс және еңбек ардагерлерiне, зейнеткерлер мен мүгедектерге жан-жақты көмек көрсетiледi.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp