Кеше өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, 10 млн тұрғынның электрондық денсаулық паспорты бар.
Цифрландыру бағдарламасы аясында барлық ақпараттық жүйелер интеграцияланып, 2019 жылғы 1 қаңтардан медициналық құжаттама қағазсыз жүргізіле бастайды.
«2020 жылға қарай халықтың 100 пайызында электрондық денсаулық паспорттары болады. Бұл әрбір адамның қай мекемеге жүгінгеніне қарамастан оның денсаулығы туралы объективті деректерге толық қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Медициналық көмек алудың сапасы мен ыңғайлылығын жақсартады»,- деді Елжан Біртанов.