Кезінде лауазымды қызмет атқарған петропавлдық 88 жастағы қария бүгінде қоқыс арасында өмір сүруде.
Тыл еңбеккері өзіне көмектескісі келетін адамдарды жуытпайды екен. Әкімдіктен берілген бір бөлмелі жатақханада тұрып жатқан ол тіпті бір жылдан бері жуынбаған. Оның бөлмесінен шыққан жаман иістен шаршаған көршілері үй ішін жинап, тазалап та бермек болған. Алайда, қария оларды «тонап кетесіңдер» деп үйіне жақындатпай қойған- деп хабарлайды Nur.kz .