«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ШЫҚТЫ

Петропавл қаласындағы “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан ерлер арасындағы ел кубогына іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Сегіз клубтың арасынан үздік деп танылған екі команда Атырау қаласында өтетін финалдық турнирге жолдама алды.

Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеңімпазы ақтаулық “Маңғыстау” клубы болды. Жергілікті “Есіл СҚ” екінші орынды иеленсе, ақтөбеліктер үшінші орынға жайғасты. Іріктеу кезеңіндегі соңғы ойындардың нәтижесі төмендегідей: “Маңғыстау” – “Есіл СҚ” 3:1 (1-2 орын), “Ақтөбе” – “Жайық” 3:0 (3-4 орын), “Жетісу” – “Алтай-2” 3:0 (5-6 орын), “Қайсар” – “Павлодар-2” 3:1 (7-8 орын).

Қазанның 15-і мен 23-і аралығында Атырау қаласында өтетін ақтық кезеңге жолдама алған солтүстікқазақстандықтар алғашқы ойында алаң иелерімен кездеседі.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp